Том 3, № 1 (2021)

Articles

Үлкен тереңдіктегі мұнай. Мексика шығанағының оффшорлық кен орындары

Исказиев К.О., Сынгаевский П.Е., Хафизов С.Ф.

Аннотация

Бұл мақала әлемдік мұнай-газ алаптарының жоғары тереңдікте қалыптасқан (6 км+) көмірсутегі беткейлерінде белсенді түрде жүргізіліп жатқан барлау және игеру жұмыстары туралы топтамалардың жалғасы болып табылады және, соның ішінде, Каспий маңы мегабассейндері жобаларының баламасы ретінде Еуразия Жобасы қарастырылған.

Мексика шығанағы өзінің игеру тарихының ұзақтығы себебінен үлкен қызығушылық тудырып отыр. Өйткені бұл аймақ ауқымды игерілген себептерден, осы уақыт ішінде жиналған мәліметтердің ауқымды көлемін талдауға мүмкіндік береді.

Мексика шығанағы үш елдің – АҚШ, Мексика және Кубаның терең теңіз, қайраң және жағалау бөліктерін қамтиды және әлемдегі ең маңызды мұнай-газ провинцияларының бірі болып табылады. Оның түзілімдерінің жалпылама қалыңдығы 14000 м (одан да жоғары) әр-түрлі тау-жыныстық кешендерімен қалыптасқан – орта юрадан бастап осы заманғы түзілімдерге дейін. Бұл аймақта көмірсутектерді барлау 100 жылдан шамасындай уақытқа жалғасып келеді. Осы уақыт ішінде өнімді коллекторларды сипаттау мен көмірсутектерді іздестіру мақсатында түрлі жаңа технологиялар жасақталып, сәтті қолданылды, мысалы, қысымы өте жоғары қойнауқаттарды болжау, циклостратиграфия және сейсмофациалық талдау, төменгі-омды өткізгіш қойнауқаттарды сипаттау және де жоғарғы тереңдіктегі кен-орындарын іздестіру әдістері пайдаланылған.

Шығанақта игерудегі барлық нысандар түрлерінің ішіндегі негізгі қызығушылық жоғары тереңдікте қалыптасқан қойнауқаттардың Каспий маңы мегаалқабының Юра дәуірі Норфлет тастопшасына (свита) байланысты болып табылады, және де, осыған байланысты зерттеулер мәтіні осы мақаланың негізгі бөлігінде баяндалған. Әрине, тікелей салыстыру туралы айтуға болмайды, дегенмен, атап айтқанда, кескін бөлігінің эолалық шығу тегі бұл нысанды айтарлықтай ерекшелендіреді. Дегенмен, авторлардың пікірінше, оны зерттеу, сондай-ақ оны игеру бойынша сәтті жобаның өз көз-алдымызда жүзеге асырылуын айқындау, Каспий теңізінің терең беткейлерінде болашақта жүргізілетін жұмыстарға арналған көптеген маңызды ақпарат бере алады.

Мақала екі бөлімнен тұрады. Біріншісі – Мексика шығанағы бассейнінің қалыптасуының геологиялық тарихы, терең жатқан Норфлет свитасының өнімді кешенінің ерекшеліктері. Екінші бөлімде, Норфлет өнімді кешенінің барлау тарихы, негізгі ашу жаңалықтарының сипаттамасы, сондай-ақ Мексика шығанағындағы (АҚШ және Мексика секторлары) Норфлет тастопшасындағы жаңа терең кен-орындарының ашылу болашағы туралы мәліметтер келтірілген. Ғаламдық «ойыншы» ретінде Шелл компаниясының күшімен, осы кешенді игеру тарихын талдау, басқа мұнай-газ алқаптарында, соның ішінде Каспий маңы бассейндерінде терең жатқан беткейлерді игеру сценарийлерінің негізгісі болмаса да, олардың бірі болып табылатыны анық. Қазіргі таңда , жаһандық алпауыт компаниялар (International Oil Companies) технологияларды пайдаланып, осы мәселені шешу үшін қажетті ресурстарын әбден жұмылдыра алады.

Kazakhstan journal for oil & gas industry. 2021;3(1):3-21
pages 3-21 views

Күрделі карбонатты түзілімдердегі жарықшақ-кавернозды қойнауқаттарын анықтаудағы дұрыс әдістерді таңдау маңыздылығы

Манкенов К.К.

Аннотация

Бұл мақалада автор жетілген кен-орындарындағы көп-қабатты күрделі құралған өткізгіш қабаттарын карбонатты түзілімдерін іздеу және анықтау проблемаларына назар аударуға тырысты, соның ішінде бірінші кезекте жарықтық рөлі болып табылады. Карбонатты кен-орнында жарықшақты өткізгіш қабаттарды игеру мұнай өндіру көлемін ұлғайтудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады және негізгі кен-орындарының ашылуларының көпшілігі сол аймақтарға тиесілі. Соңғы есептеулер бойынша мұнай қорының 60%-дан астамы және газдың 30%-ы карбонат кен орындарында шоғырланған.

Жаңа технологияларды тарту және іздеу парадигмасының өзгеруі зерттеудің негізгі жаңа бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді және олар «жетілген» кен орындарындағы күрделі қойнауқаттардың сыйымдылық қасиеттері мен геологиялық құрылымының сипаттамаларын түсінудің жаңа деңгейін қамтамасыз етіп, көп жағдайда перспективті нысандарды табу ықтималы өте жоғары болады және де оларды іздестіруге, осы салаларды дамытуға ықтимал жасап, екінші өмір беруге, тиімді өндірісті қамтамасыз ете алады.

Kazakhstan journal for oil & gas industry. 2021;3(1):22-28
pages 22-28 views

Жетілген мұнай кен-орындарының мысалы ретінде Забұрын-кенішінде полимермен суландыру технологиясын енгізу тәжірибесі туралы

Мусаев М.Ш., Мушарова Д.А., Жаппасбаев Б.Ж., Орынбасар Е.К.

Аннотация

Мұнай кен орындарының түбегейлі сарқылуы мен мұнайдың нарықтағы тұрақсыз бағалары жағдайында, қабаттың мұнай бергіштігін арттыру үшін бағытталған әдістерді қолдану өндірісте аса ерекше орын алады, және де, оларды қолдану, мұнайды алудың бейілкі әдістерін пайдалана отырып, мұнай алу коэффициентінің жоғарылауына ықпал жасайды.

Мұнайды алу коэффициентін арттыруға мүмкіндік беретін технологиялардың бірі болып полимермен суландыру болып табылады. Осы әдістің басқа химиялық әдістермен салыстырғандағы артықшылығы – дизайннің қолданудағы кең беткейлігінде және оны қолдану барысында параметрлерінің өзгергіштігі болып табылады.

Бұл мақалада полимермен суландыру технологиясын жоғарғы өнімді Забұрын кен-орнында қолдану нәтижелері баяндалған. Полимермен суландыру технологиясын енгізуді әрі қарай жалғатыру стратегиясын анықтау мақсатында, дамудың оңтайлы болжамдық нұсқаларын анықтау үшін жасқталған гидродинамикалық модельді пайдаланып, есептеулер жүргізілді.

Kazakhstan journal for oil & gas industry. 2021;3(1):29-42
pages 29-42 views

3D геомеханикалық моделді құрастыру және оның карбонаттық шөгінділердің динамикалық көрсеткіштеріне әсері

Абишев Д.Б., Шишкин В.В., Алехин И.Г., Насибуллин А.З.

Аннотация

Бұл мақалада Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінде орналасқан мұнай кенорнының 3D геомеханикалық моделін құрастыру процесі мен нәтижелері көрсетілген. Мұнай мен газдың құрамы төменгі және орта карбон карбонатты шөгінділерінде анықталған. Модель ұңғымалардың каротаж деректері бойынша, бір өлшемді геомеханикалық модельдер және 3D геологиялық модель негіздерінде құрылған. Геомеханикалық модельдеудің нәтижесі аса жүктелген дискретті жарықшалар жүйесінің қосымша өткізгіш кубы болып табылады және ол кейіннен гидродинамикалық модельді адаптациялау кезінде қолданылды. Адаптациялау кезінде жарықша кубынан басқа өткізгіш сынықшалары да анықталды.

Геомеханикалық модельдеуді құрастыру кезінде жүктелген жарықшаларды есептеу және олардың карбонатты шөгінділердегі флюидтердің ағымы мен сіңімділік аралықтарының байланысы бойынша халықаралық тәжірібие ескерілді. Геомеханикалық модельді ескеру арқылы жаңартылған гидродинамикалық модельдің тарихи көрсеткіштері мен ұңғыманың түптік қысымының үйлесімділігі жақсарды.

Kazakhstan journal for oil & gas industry. 2021;3(1):43-55
pages 43-55 views

Шығыс Молдабек кен орны жоғары тұтқырлы мұнайының қасиеттері

Хасанов Б.К., Гужиков П.А., Күнжарықова К.М., Дүкесова Н.К., Қөқымбаева Г.Ж.

Аннотация

Қиын шығарылатын мұнайдың айтарлықтай қоры тұтқырлығы жоғары, ауыр майлар санатына жататыны белгілі. Тереңдігі таяз болғанымен, бұл қорларды жер бетіне шығару технологиялық қиындықтар туғызады. Мұнайды өндіру технологиясында қойнауқаттағы мұнайдың қасиеттері өнімділік коэффициентіне тікелей әсер етеді және олардың ерекше орны бар. Бұл мақалада Шығыс Молдабек кен-орны бор шоғырындағы тұтқырлығы жоғары мұнайдың қасиеттерін негіздеу жобасы қарастырылғаң.

Kazakhstan journal for oil & gas industry. 2021;3(1):56-66
pages 56-66 views

Жетібай кен орнындағы ұңғымаларды бір уақытта пайдалану тиімділігін талдау

Өтемісова Л.Г., Тілегенов Б.Б., Миникаев Ф.М.

Аннотация

Бұл мақалада мұнай өндіру ұңғымаларын бір уақытта-бөлек пайдалану технологиясы қарастырылып, оның тиімді және тиімсіз жақтары көрсетілген.

Авторларға Жетібай кен орнында бір уақытта бөлек пайдалану технологиясының кен-орнында қолданысын бағалау тапсырылды. Бір мезгілде бөлек пайдалану үшін ұңғымаларды таңдау қарастырылған. Ұсынылған бір уақытта-бөлек пайдалану жобасы қосымша мұнай өндіруге және өтелімділіктің төмен мерзіміне байланысты экономикалық жағынан тартымды деген қорытындыға келді. Қажетті қондырғылар саны мен қосымша мұнай өндірісі тұрғысынан іске асыру болшағына да баға берілді.

Kazakhstan journal for oil & gas industry. 2021;3(1):67-74
pages 67-74 views

Мұнай өңдеу кәсіпорындарын айналмалы сумен қамтамасыз ету сапасын арттыру

Ергожин Е.Е., Цхай А.А., Чалов Т.К., Ковригина Т.В., Мельников Е.А.

Аннотация

Бұл жұмыстың өзектілігі кәсіпорындарда пайдаланылатын су көлемін қысқарту қажеттілігінен туындаған. Осыған байланысты бұл жұмыстың мақсаты мұнай-химия және мұнай өңдеу зауыттарының, атап айтқанда «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС («АМӨЗ» ЖШС) айналымдық сумен жабдықтау сапасын арттыру болып табылады. Бұл мақалада үрленетін суды кері осмос әдісімен тазарту туралы деректер берілген. Өнімділігі 600 л/сағ пилоттық кері осмостық қондырғы әзірленді. Өнімділігі 600 л/сағ болатын кері-осмос қондырғысы жасақталып, қоректік судың тазалығын нормативтік шамаға келтіру және де су тазалау технологиялық сызбасы жасақталды. Сонымен қатар, айналымдағы өнеркәсіптік сумен жабдықтауды жобалауға арналған техникалық тапсырма жасақталып, жабдықтау жүйелеріне байланысты тиісті ұсыныстар берілді.

Kazakhstan journal for oil & gas industry. 2021;3(1):75-81
pages 75-81 views

Мұнайдың төмен бағасы мен нарықтың құбылмалы жағдайында өндіру ұңғымаларын пайдалану тиімділігін талдау арқылы мұнай өндіруші мекемелерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету

Хасанов Б.К., Хайретдинов Р.Г., Самарканов О.Л.

Аннотация

Бұл мақалада әрбір өндіруші ұңғыманы пайдалану тиімділігін техника-экономикалық беру негізінде икемді басқару шешімдерін әзірлеу бойынша әдістемелік тәсіл ұсынылады. Өндірістік шығындарды басқарудың осы әдісін қолдану көмірсутек ресурстарына төмен баға кездерінде кассалық алшақтықтардың пайда болуын болдырмауға және компанияның инвестициялық және өндірістік бағдарламаларының оңтайлы орындалуына мүмкіндік береді.

Kazakhstan journal for oil & gas industry. 2021;3(1):82-98
pages 82-98 views

Мұнай саласындағы білім – жаңа шақыртулар

Шакуликова Г.Т.

Аннотация

Мақалада COVID-19 пандемиясы жағдайында жоғары оқу орындары дамуының негізгі үрдістері қарастырылған. Автор, өзгерген жағдайға байланысты, оқытудың жаңа философиясы мен өзге тәсілдері қажет екенін баса айтады. С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің осы жағдайларға бейімделу тәжірибесі көрсетілген. Университет басшылығы қолданатын жобалық менеджмент іс жүзінде университетті басқаруда өзінің тиімділігін анықтау үшін сынақтан өтуде.

Kazakhstan journal for oil & gas industry. 2021;3(1):99-107
pages 99-107 views

Согласие на обработку персональных данных с помощью сервиса «Яндекс.Метрика»

1. Я (далее – «Пользователь» или «Субъект персональных данных»), осуществляя использование сайта https://journals.rcsi.science/ (далее – «Сайт»), подтверждая свою полную дееспособность даю согласие на обработку персональных данных с использованием средств автоматизации Оператору - федеральному государственному бюджетному учреждению «Российский центр научной информации» (РЦНИ), далее – «Оператор», расположенному по адресу: 119991, г. Москва, Ленинский просп., д.32А, со следующими условиями.

2. Категории обрабатываемых данных: файлы «cookies» (куки-файлы). Файлы «cookie» – это небольшой текстовый файл, который веб-сервер может хранить в браузере Пользователя. Данные файлы веб-сервер загружает на устройство Пользователя при посещении им Сайта. При каждом следующем посещении Пользователем Сайта «cookie» файлы отправляются на Сайт Оператора. Данные файлы позволяют Сайту распознавать устройство Пользователя. Содержимое такого файла может как относиться, так и не относиться к персональным данным, в зависимости от того, содержит ли такой файл персональные данные или содержит обезличенные технические данные.

3. Цель обработки персональных данных: анализ пользовательской активности с помощью сервиса «Яндекс.Метрика».

4. Категории субъектов персональных данных: все Пользователи Сайта, которые дали согласие на обработку файлов «cookie».

5. Способы обработки: сбор, запись, систематизация, накопление, хранение, уточнение (обновление, изменение), извлечение, использование, передача (доступ, предоставление), блокирование, удаление, уничтожение персональных данных.

6. Срок обработки и хранения: до получения от Субъекта персональных данных требования о прекращении обработки/отзыва согласия.

7. Способ отзыва: заявление об отзыве в письменном виде путём его направления на адрес электронной почты Оператора: info@rcsi.science или путем письменного обращения по юридическому адресу: 119991, г. Москва, Ленинский просп., д.32А

8. Субъект персональных данных вправе запретить своему оборудованию прием этих данных или ограничить прием этих данных. При отказе от получения таких данных или при ограничении приема данных некоторые функции Сайта могут работать некорректно. Субъект персональных данных обязуется сам настроить свое оборудование таким способом, чтобы оно обеспечивало адекватный его желаниям режим работы и уровень защиты данных файлов «cookie», Оператор не предоставляет технологических и правовых консультаций на темы подобного характера.

9. Порядок уничтожения персональных данных при достижении цели их обработки или при наступлении иных законных оснований определяется Оператором в соответствии с законодательством Российской Федерации.

10. Я согласен/согласна квалифицировать в качестве своей простой электронной подписи под настоящим Согласием и под Политикой обработки персональных данных выполнение мною следующего действия на сайте: https://journals.rcsi.science/ нажатие мною на интерфейсе с текстом: «Сайт использует сервис «Яндекс.Метрика» (который использует файлы «cookie») на элемент с текстом «Принять и продолжить».