«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС онлайн бұрғылау қызметінің тәжірибесі мысалында көлденең ұңғымаларды бұрғылау кезіндегі белгісіздіктерді басқарудың заманауи тәсілдері
- Авторлар: Тоқсанов Н.Н.1, Абуев Р.Б.1, Тастанов Б.Б.1, Сүлейменова А.О.1, Өмірәлиев Б.Т.1
-
Мекемелер:
- ҚМГ Инжиниринг
- Шығарылым: Том 7, № 2 (2025)
- Беттер: 9-20
- Бөлім: Бұрғылау
- URL: https://bakhtiniada.ru/2707-4226/article/view/310164
- DOI: https://doi.org/10.54859/kjogi108806
- ID: 310164
Дәйексөз келтіру
Толық мәтін
Аннотация
Негіздеме. Күрделі геологиялық жағдайларда көлденең ұңғымаларды бұрғылау тау жыныстарының физикалық және геологиялық қасиеттерінің өзгергіштігіне, құрылымдық бұзылуларға және деректер интерпретациясындағы дәлсіздіктерге байланысты белгісіздіктердің жоғары деңгейімен бірге жүреді. Жобалау мақсаттарына сәтті жету үшін осы белгісіздіктерді басқарудың заманауи әдістерін қолдану қажет.
Мақсат. Көлденең ұңғымаларды бұрғылау кезінде белгісіздіктерді басқару технологияларын қолдану бойынша «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС онлайн бұрғылау қызметінің практикалық тәжірибесін талдау және қорыту, сондай-ақ мұнай-газ кен орындарын игерудің сенімділігі мен экономикалық орындылығын арттыру үшін кешенді тәсілдің тиімділігін көрсету.
Материалдар мен әдістер. Жұмыста бұрғылау барысында кездесетін негізгі белгісіздік көздері қарастырылды. Оларды азайту әдістері, соның ішінде нақты уақыттағы мониторинг, стратиграфиялық әдіспен геонавигация, сейсмикалық модельдеу және меншікті электр кедергісін инверсиялау талданды. Заманауи MWD/LWD құралдарын, қабаттарды қашықтықтан анықтау технологияларын және деректерді біріктіру жүйелерін пайдалану сипатталады. Автогеонавигация үшін Solo Box резервтік деректерді сақтау жүйелері мен жасанды интеллект технологияларын қолданудың практикалық тәжірибесі келтірілді.
Нәтижелер. Практикалық тәжірибе көрсеткендей, озық технологияларды кешенді қолдану бұрғылау кезінде модельдік күтулер мен нақты деректер арасындағы сәйкессіздіктерді жедел анықтауға, ұңғыманың траекториясын уақтылы бейімдеуге және оқпанды өнімді горизонт шегінде тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл технологиялық тәуекелдерді төмендетуге, ұңғымаларды салу сапасының жоғарылауына және жобалық көрсеткіштерге қол жеткізуге әкеледі.
Қорытынды. Мониторингті, геонавигацияны, деректерді талдауды және инновациялық шешімдерді енгізуді біріктіруге негізделген белгісіздіктерді басқарудың кешенді тәсілі күрделі геологиялық жағдайларда көлденең ұңғымаларды бұрғылау тиімділігін едәуір арттырады. Мұнай-газ кен орындарын игерудің сенімділігі мен экономикалық тиімділігін арттыру үшін ұсынылған әдістер мен технологияларды қолдану ұсынылады.
Толық мәтін
##article.viewOnOriginalSite##Авторлар туралы
Н. Н. Тоқсанов
ҚМГ Инжиниринг
Хат алмасуға жауапты Автор.
Email: n.toxanov@kmge.kz
ORCID iD: 0000-0003-3058-0168
Қазақстан, Астана қаласы
Р. Б. Абуев
ҚМГ Инжиниринг
Email: r.abuyev@kmge.kz
ORCID iD: 0009-0001-6860-7429
Қазақстан, Астана қаласы
Б. Б. Тастанов
ҚМГ Инжиниринг
Email: b.tastanov@kmge.kz
ORCID iD: 0009-0002-5935-1422
Қазақстан, Астана қаласы
А. О. Сүлейменова
ҚМГ Инжиниринг
Email: azat.suleymenova@kmge.kz
ORCID iD: 0009-0002-9658-2510
Қазақстан, Астана қаласы
Б. Т. Өмірәлиев
ҚМГ Инжиниринг
Email: b.umraliyev@kmge.kz
ORCID iD: 0009-0000-9083-5308
докт. техн. наук
Қазақстан, Астана қаласыӘдебиет тізімі
- Di H., Gao D. 3D Seismic Flexure Analysis for Subsurface Fault Detection and Fracture Characterization // Pure Appl. Geophys. 2017. Vol. 174. P. 747–761.doi: 10.1007/s00024-016-1406-9.
- Lacaze S., Durot B., Devilliers A., Pauget F. Comprehensive Seismic Interpretation to Enhance Stratigraphy and Faults // 15th International Congress of the Brazilian Geophysical Society & EXPOGEF; July, 31 – August, 3, 2017; Rio de Janeiro, Brazil. Available from: https://sbgf.org.br/mysbgf/eventos/expanded_abstracts/15th_CISBGf/Comprehensive%20Seismic%20Interpretation%20to%20Enhance%20Stratigraphy%20and%20Faults%20.pdf.
- Samakinde C., Van Bever Donker J., Durrheim R., Manzi M. Application of seismic stratigraphy in reservoir characterisation: a case study of the passive margin deposits of the northern Orange Basin, South Africa // J Petrol Explor Prod Technol. 2021. Vol. 11. P. 45–61. doi: 10.1007/s13202-020-01050-9.
- Hassan A., ElMeguid A.A., Waheed A., et al. Multistage Horizontal Well Hydraulic Fracturing Stimulation Using Coiled Tubing to Produce Marginal Reserves from Brownfield: Case Histories and Lessons Learned // SPE Middle East Unconventional Gas Conference and Exhibition; January 26–28, 2015; Muscat, Oman. Available from: https://onepetro.org/SPEUGM/proceedings-abstract/15UGM/15UGM/D021S006R003/183228.
- Вербицкая Л.О., Шафикова Ю.Р, Муканов Е.М., и др. Комбинация стратиграфического метода геонавигации и картирования границ по методу инверсии удельного электрического сопротивления (УЭС) в условиях латеральной геологической изменчивости на примере продуктивного пласта K1ne-2 месторождения С. Балгимбаев, Республика Казахстан // Горизонтальные скважины 2021. Проблемы и перспективы : Материалы 4-й научной конференции; Май 24–28, 2021; Астарахань, Россия. Доступ по ссылке: https://www.earthdoc.org/content/papers/10.3997/2214-4609.202154044. Дата обращения: 13.11.2024.
- Schlumberger. Каталог интерпретационных решений. Москва, 2017.
- Сребродольская М.А., Федорова А.Ю., Фролов В.М. Исследование горизонтальных скважин азимутальными приборами // Западно-Сибирский нефтегазовый конгресс; Май 24–27, 2017; Тюмень, Россия.
- Сребродольская М.А., Фёдорова А.Ю., Фролов В.М. Применение азимутальных приборов в процессе бурения горизонтальных скважин // Актуальные проблемы развития нефтегазового комплекса России; Февраль 12–14, 2018; Москва, Россия.
- Mukanov Ye.M., Chzhen I.V., Tagirov A.R., et al. Combined Usage of Different Geosteering Methods and Vendor Independent Bed Boundary Mapping in Complex Geological Environment on a Real-Life Example from West Kazakhstan // SPE Annual Caspian Technical Conference; October 5–7, 2021; Virtual. Available from: https://onepetro.org/SPECTCE/proceedings-abstract/21CTC/21CTC/D012S013R009/470251.
- Denisenko I.D., Kuvaev I.A., Uvarov I.B. Automated Geosteering While Drilling Using Machine Learning. Case Studies // SPE Russian Petroleum Technology Conference; October 26–29, 2020; Virtual. Available from: https://onepetro.org/SPERPTC/proceedings-abstract/20RPTC/20RPTC/D023S009R004/450156?redirectedFrom=PDF.
- rogii.com [интернет]. Агрегация данных в реальном времени [дата обращения 17.11.2024]. Доступ по ссылке: https://www.rogii.com/products/solobox.
Қосымша файлдар










