Амангелді газ конденсатты кен орнын пайдалану кезіндегі шиеленістерді жою шаралары
- Авторлар: Сексенбай М.Ж.1, Дарибаев Ю.А.1
-
Мекемелер:
- Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті
- Шығарылым: Том 7, № 1 (2025)
- Беттер: 32-41
- Бөлім: Oil and gas field development and exploitation
- URL: https://bakhtiniada.ru/2707-4226/article/view/293573
- DOI: https://doi.org/10.54859/kjogi108808
- ID: 293573
Дәйексөз келтіру
Толық мәтін
Аннотация
Негіздеу. Амангелді газ конденсатты кен орнын пайдалануға берілгеннен бері конденсаттың құрамындағы ылғалды толығымен бөліп алу мүмкін болмай келеді. Газ конденсатының құрамындағы ылғалды толық бөліп алу технологиялық үрдісті жеңілдетіп, шиеленістердің алдын-алуға септігін тигізеді, сондықтан бұл газконденсатты кен орындарындағы өзекті мәселелердің бірі. Осы мақсатта қазіргі уақытта көптеген газ және газконденсатты кен орындарындағы ішкі кәсіпшілік газ тасымалдау құбырларында гидрат түзілу температурасын төмендету көзделіп отыр. Газконденсатты кен орындарында газды дайындау кезінде шлейфтерде, коллекторларда, жабдықтарда гидратқа қарсы ингибиторлар (метанол және диэтиленгликоль) кеңінен қолданылып келеді. Егер мұнай, мұнай өнімдерін және газды ұңғылардан өндіру және дайындау кезінде гидратқа қарсы шаралар (ингибиторлар) қолданылмаса кәсіпшілікте бірқатар қиындықтар туындайды, себебі өнім өндіру кезінде ұғылылардан кешенді газ дайындау қондырғысына дейінгі аралықта, яғни шлейфте гидрат түзілу салдарынан оның ішкі диаметрі кішірейіп, өнім толығымен өтпей, кей жағдайларда мүлдем бекітіліп қалады. Бұл өз кезегінде өндірілетін өнім мөлшерінің азаюына алып келеді, немесе ұңғыны мүлдем тоқтатылады. Сондықтан, өндірілген өнімнің (газ, конденсат) бір бөлігі жанып тұрған алауға немесе тұтандыру білтесіне үрленеді. Аталған өндірістік шиеленістер кен орнының өндіру көрсеткіштеріне кері әсерін тигізеді.
Мақсаты. Амангелді конденсатты газ кен орнында ұңғы өнімдерін өндіріп жинау және дайындау кезінде, өнімді ұңғыдан кешенді газ дайындау қондырғысына дейін тасымалдайтын құбырларда және қондырғы жабдықтарында гидраттың пайда болуының алдын-алып, шиеленістерге жол бермеу шаралары қарастырылған.
Материалдар мен тәсілдер. Гидраттың пайда болуының алдын-алып шиеленістерді болдырмау үшін ұңғылардан кешенді газ дайындау қондырғысына дейін (УКПГ) ингибиторларды мөлшерлеп беру сораптарымен газ ағынына метанол (метил спирті, техникалық ), ал кешенді газ дайындау қондырғысындағы жабдықтар арқылы өтетін газ ағынына тұман түрінде бүркіп берілетін диэтиленгликоль қосу көзделген.
Нәтижелері. Жоғарыда келтірілген нәтижелерді қорытындылай келе, метанол мен диэтиленгликолді қолданбай ұңғымалардан газконденсат өнімін өндіретін болсақ, онда факелге және үрлеу свечасына үрленетін газдың көлемі 4,95 млн м³ т, ал бұл газдың жалпы құны 128,7 млн теңгені құрайды, ал гидратқа қарсы ингибиторларды қолданатын болсақ, ингибиторды керекті көлемде сатып алу үшін 180 т метанол және 10 т диэтиленгликоль қажет болады. Олардың жалпы сатып алу бағасы 28 млн теңге. Екі нұсқаны салыстыра отырып, гидратқа қарсы ингибиторларды қолданған кезде 100,7 млн теңгенің өнімі үнемделетіні белгілі болды. Сол себепті гидраттың түзілуіне қарсы ингибиторларды қолдану өзекті болып есептеледі.
Қорытынды. Осы уақытқа дейін Амангелді газконденсатты кен орнын пайдалану кезінде газдың құрамындағы ылғалды толық бөліп алу шаралары іске аспай келді. Соның салдарынан қысқы мезгілде кен орнында бірқатар шиеленістер орын алуда, яғни артық ылғал қыс мезгілінде шлейфтерде гидрат тығындарын түзіп, газконденсатының өтуіне кедергі келтіреді. Сондықтан, ГКДҚ ингибиторларды мөлшерлеп беру сораптарымен газ ағынына метанол (метил спирті,техникалық), ал кешенді газ дайындау қондырғысындағы жабдықтар арқылы өтетін газ ағынына тұман түрінде бүркіп берілетін диэтиленгликоль қосу арқылы аталған шиеленістерді жою шаралары ұсынылады. Аталған шараларды басқа да газконденсатты кен орындарында кеңінен қолдануға болады. Ұсынылып отырған шараларды қолдану арқылы тек шиеленістердің алдын-алып қана қоймай, алауға жіберілетін газконденсатын үнемдеуге болады.
Негізгі сөздер
Толық мәтін
##article.viewOnOriginalSite##Авторлар туралы
Мұхамеджан Жамалбайұлы Сексенбай
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті
Email: seksenbay61@mail.ru
ORCID iD: 0000-0002-6977-9169
техн. ғыл. канд.
Қазақстан, Тараз қаласыЮлдашбай Абуевич Дарибаев
Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті
Хат алмасуға жауапты Автор.
Email: nur920318@mail.ru
ORCID iD: 0000-0003-1962-0966
ауыл шар. ғыл. канд.
Қазақстан, Тараз қаласыӘдебиет тізімі
- Герштанский О.С., Чагай В.Г., Сарбуфина З.И., и др. (АО «НИПИнефтегаз»). Отчет по подсчету запасов газа, конденсата и попутных компонентов месторождения Амангельды (Жамбылская область Республики Казахстан) по состоянию на 01.01.2006 г.». Актау, 2007.
- Герштанский О.С., Апакаев Ж.А., Чагай В.Г., и др. (АО «НИПИнефтегаз»). Проект промышленной разработки месторождения Амангельды. Отчет. Договор № 07-ДМ-28. Актау, 2007.
- Герштанский О.С., Чагай В.Г., Пуписова Л.В., и др. (АО «НИПИнефтегаз»). Авторский надзор за реализацией проекта промышленной разработки месторождения Амангельды по состоянию на 01.01.2011 г. Отчет. Договор № 10-ДЗ-144. Актау, 2011.
- Дәрібаев Ю.Ә., Қабдушев А.А. Амангелді кен орнында гидраттың түзілуін алдын алу және онымен күресу // Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2022. 4 том, № 3. 76–83 б. doi: 10.54859/kjogi108575.
- Дарибаев Н.Ю., Ибылдаев М., Дәрібаев Ю.Ә. Повышение эффективности установки комплексной подготовки газа // ХХI ғасырдағы экологияның және адам өмірінің қауіпсіздігінің өзекті мәселелері. Тараз, 2021. С. 337–339.
- Дәрібаев Н.Ю., Ибылдаев М., Дәрібаев Ю.Ә. Амангелді кен орнында газды дайындау жүйесін жетілдіру // ХХI ғасырдағы экологияның және адам өмірінің қауіпсіздігінің өзекті мәселелері. Тараз, 2021. С. 340–342.
- Тілегенов И.С., Дәрібаев Ю.Ә., Дәрібаев Н.Ю. Разработка ресурсосберегающей технологии по повышению продуктивности скважин методом гидроразыва пласта на примере месторождений «Амангельды Газ» // Вестник Международной академии наук экологии и безопасности жизнедеятельности. 2018. Том 23, №2.С. 141–143.
- Дәрібаев Ю.Ә., Манапбаев Б.Ж., Дәрібаев Н.Ю. Предупреждение и борьба с гидратообразованием при эксплуатации скважин месторождения Амангельды // Современные технологии в нефтегазовом деле: матер. науч.-техн. конф. Уфа : УГНТУ, 2018. С. 75–78.
- Бакбергенов А., Сапаев Ж., Джетмеков Д. Отчет о производственной деятельности ТОО «Амангельды Газ» за 2021 год. Нур-Султан, 2022.
- Кабдушев А.А, Баймаханов А.Е., Агзамов Ф.А, және басқалар. Бағанаралық қысымды бақылау және жою // Қазақстанның мұнай-газ саласының хабаршысы. 2023. 5 том, №3. doi: 10.54859/kjogi108651.
- Тилегенов И.С., Дарибаев Ю.А. Оценка потенциальной возможности освоения нефтегазовых месторождений Анабай, Айракты и Жаркум // Вестник Международной академии наук экологии и безопасности жизнедеятельности. 2018. №2. C. 25–32.
Қосымша файлдар
